Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ I ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
08.06.2026
Көріністер:  17

ФСДИ I ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік теориялардан басқарылатын деректерге дейін: Social Science* Digital* Policy бағытындағы гибридті құзыреттерді қалыптастыру» атты I Жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Жазғы мектептің ашылу рәсімінде қатысушыларды Институттың бас директоры Айгүл Садвокасова құттықтап, қазіргі ғылым мен білім беру кеңістігінде әлеуметтік ғылымдар, цифрлық технологиялар және деректерге негізделген талдаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға нәтижелі жұмыс, жаңа білім мен кәсіби жетістіктер тіледі.

Алдағы бес күн бойы тыңдаушылар заманауи зерттеу әдіснамалары, цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті қолдану, мәтіндерді автоматтандырылған талдау, визуалды мәдениет және ғылыми коммуникация бағыттары бойынша білімдерін жетілдіреді.


← Тізімге қайту