ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНГРЕСІ
11.12.2025
Көріністер: 193
2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Алматы қаласында, «Ғылым ордасы» ғимаратында, сондай-ақ қаланың бес жоғары оқу орнының базаларында ЮНЕСКО-ның «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» тақырыбына арналған Жас ғалымдардың ІІ Халықаралық конгресі өтуде. Бұл іс-шара 2025 жылдың 10 қарашасы – Бейбітшілік пен даму мүддесіндегі Дүниежүзілік ғылым күніне орай ұйымдастырылуда.
Конгрестің мақсаты:
• Ғылымның әртүрлі бағыттарында жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен
алмасуы және диалог жүргізуі үшін тұрақты платформа қалыптастыру.
• Шет елдерде табысты қызмет атқарып жүрген, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген қазақстандық жас ғалымдардың
әлеуетін отандық ғылымды дамытуға пайдалану.
• Жас ғалымдардың халықаралық және пәнаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту.
• Ғылыми білімді және соңғы ғылыми жетістіктерді насихаттау, жас зерттеушілердің еңбектеріне қоғам назарын аудару.
Айта кетерлігі, Философия, саясаттану және дінтану институтында жас ғалымдарды қолдауға, олардың кәсіби қалыптасуына, ғылыми бастамаларын жүзеге асыруына және қазіргі ғылыми қауымдастықтағы рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді.
Конгреске 24 елден 60-тан астам шетелдік ғалым және 1 000-нан аса жас зерттеуші атсалысуда.
ФСДИ атынан шараға жас ғалымдар Шырын Тленчиева, Қуаныш Сайлау, Айжан Молдағалиева және Айдана Серікбаева қатысуда.