Ақпараттық кездесу: Деструктивті ағымдардың зияндығы
06.10.2025
Көріністер: 370
025 жылғы 6 қазанда Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының қызметі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің студенттерімен «Деструктивті ағымдардың зияндығы» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында ғаламдық сипаттағы деструктивті ағымдардың зиянды идеологиялық негіздері мен таралу әдістері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Нұрмұхаммед Мейманхожа өз сөзінде дәстүрлі діни танымның ерекшеліктеріне тоқталып, оның деструктивті діни ағымдарға қарсы тұрудағы рөлі мен артықшылықтарын түсіндірді. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеде деструктивті ағымдармен күресу жолдары, рухани-мәдени құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі маңызы, сондай-ақ гуманистік бастамалардың өзектілігі аталып өтті.
Іс-шара «Ясауи жолы: Қазақстандағы дәстүрлі сопылық ілімнің діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын кешенді зерттеу» жобасы аясында танымдық бағытта ұйымдастырылды.