Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
05.03.2026
Көріністер:  170

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
2026 жылғы 5 наурызда Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Нұрмұхаммед Мейманхожа ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы аясында зайырлы мемлекеттегі адам құқықтары, экстремизмнің зияны және осы бағыттағы отандық заңнаманың негізгі қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде және қоғамдық ортада деструктивті ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушы қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді.


← Тізімге қайту