Философия институты Париждегі халықаралық ғылыми конференцияда
12.12.2025
Көріністер: 518
2025 жылғы 11-12 желтоқсанда Париж қаласында (INALCO, Maison de la Recherche) «Орталық Азия: кеңістік пен уақыттағы аймақты (қайта)түсіну» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті. Аталған форум Еуропа мен Орталық Азия елдерінен келген жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктірді. Халықаралық академиялық алаңда Философия, саясаттану және дінтану институты (Алматы қ.) лайықты деңгейде таныстырылды.
Институттың қызметкерлері Шолпан Джаманбалаева, Жанна Кәрімова және Айтжамал Аманжолова институционалдық және цифрлық трансформацияларға арналған секцияға қатысып, Қазақстандағы жасанды интеллект төңірегіндегі қоғамдық сенім және пікірталастар тақырыбында баяндама жасады.
Конференция барысында төмендегідей өзекті мәселелер талқыланды:
— Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік және саяси өзгерістер;
— мемлекеттік институттарды реформалау үдерістері;
— цифрландыру мен жасанды интеллекттің қоғамдық санаға ықпалы;
— өңір дамуының тарихи-мәдени және құндылықтық негіздері.
Философия институты қызметкерлерінің осындай маңызды халықаралық ғылыми іс-шараға қатысуы қазақстандық гуманитарлық ғылымның жоғары деңгейін айқындап, жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Ғылыми диалог, халықаралық мойындалу және философиялық әрі әлеуметтанулық ойдың дамуына қосылатын үлес - Философия институтының негізгі басымдықтары.