????I Жазғы мектеп жұмысының алғашқы күнінің қорытындылары
08.06.2026
Көріністер: 33
Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Əлеуметтік теориялардан басқарылатын деректерге дейін: гибридті құзыреттерді қалыптастыру Social Science* Digital* Policy» атты I Жазғы мектептің алғашқы жұмыс күні өз мәресіне жетті.
Білім беру бағдарламасы аясында қатысушылар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы әдіснаманың құрылымымен танысып, Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің заманауи басымдықтары мен өзекті бағыттарын талқылады. Сондай-ақ зерттеу тәжірибесіндегі әлеуметтік құбылыстарды тұжырымдау және өлшеу мәселелерін қарастырды.
Алғашқы күннің спикерлері ретінде Институт қызметкерлері сөз сөйлеп, өздерінің ғылыми және сарапшылық тәжірибелерімен бөлісті, зерттеулерді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін таныстырып, қатысушыларға интерактивті сабақтар өткізді.
Қатысушылар ғылыми танымның құрылымы мен қағидаттарын талқылап, Қазақстандағы зерттеу қызметінің басым бағыттарын қарастырды, сондай-ақ әлеуметтік ұғымдарды зерттеу айнымалылары мен индикаторларына айналдыру тәсілдерін зерделеді.
Жазғы мектептің жұмысы дәрістерді, практикалық сабақтарды және сарапшылық пікірталастарды қамтитын бағдарламаға сәйкес жалғасатын болады.