Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
21.02.2026
Көріністер: 140
2026 жылғы 21 ақпанда Астанада «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сарапшылық алаң өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, академиялық және сарапшылық қауымдастық, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.
Сарапшылық алаң жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, олардың институционалдық, құқықтық және саяси салдарын ашық талқылау форматында өтті.
• ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алғы сөз сөйлеп, Конституция тек ең жоғары заңдық құжат әрі құқықтық акт қана емес, сонымен қатар өзіндік қоғамдық келісім екенін атап өтті.
Бірінші панельдік сессия саяси трансформация, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, мемлекеттік институттардың үйлесімділігі мен басқарылуын күшейту мәселелеріне арналды.
Екінші панельдік пікірталас қоғамдық қатысудың жаңа тетіктерін және конституциялық бақылауды қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының есептілігін күшейтуге арналды. Негізгі спикерлердің қатарында Философия, саясаттану және дінтану институттының бас директоры Айгүл Садвокасова сөз сөйлеп, Қазақстан Халық Кеңесінің бірнеше қоғамдық алаңдардың тарихи және институционалдық тәжірибесін біріктіретін орган ретіндегі рөліне тоқталды.
«Оның әлеуеті – қоғамдық диалогты, сараптамалық талқылауды және өңірлік өкілділікті біртұтас институционалдық құрылым шеңберінде біріктіре отырып, азаматтардың мүдделерін жүйелі түрде білдіруді қамтамасыз ету және қоғамдық сенімді нығайту», – деді А.Садвокасова.
Сондай-ақ Институт атынан іс-шараға бас директордың орынбасары Ермек Тоқтаров пен Орталық жетекшісі Айдар Әмребаев қатысты.