Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«Азаматтық орталықтар әлеуметтік топтасу құралы ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел
25.11.2025
Көріністер:  599

«Азаматтық орталықтар әлеуметтік топтасу құралы ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2025 жылғы 25 қарашада Алматы қаласында азаматтық орталықтар мен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік бірлікті нығайтудағы рөліне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара азаматтық бастамаларды және ҮЕҰ қызметін қолдауға бағытталған бірлескен тәсілдерді әзірлеу, үздік тәжірибелермен алмасу және ашық диалогты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелде «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының 20 жылдық қызметі аясындағы тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Аталған қор Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Азаматтық орталық» жобасы шеңберінде қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары мен командалары үшін білім беру және кеңес беру бағдарламаларын іске асырып келеді.

Іс-шара барысында Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының орынбасары Ермек Тоқтаров баяндама жасап, азаматтық секторды институционалдық қолдаудың маңыздылығын және ғылыми қауымдастық пен қоғамдық ұйымдар арасындағы серіктестікті нығайтудың өзектілігін атап өтті.

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ, «Еуразия Орталық Азия қоры» КҚ, «INMIR» ҚҚ және Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.


← Тізімге қайту