Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«Наурыз ұлттық бірегейліктің айнасы ретінде: ежелгі тамырлардан қазіргі өзіндік санаға дейін» дөңгелек үстел жұмысы
18.03.2026
Көріністер:  119

«Наурыз ұлттық бірегейліктің айнасы ретінде: ежелгі тамырлардан қазіргі өзіндік санаға дейін» дөңгелек үстел жұмысы
18 наурыз күні Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлемдік және қазақ философиясы орталығы «Наурыз ұлттық бірегейліктің айнасы ретінде: ежелгі тамырлардан қазіргі өзіндік санаға дейін» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Наурыз мейрамын ұлттық сана мен қоғамдық бірліктің маңызды символы ретінде зерделеу және қазіргі өзгерістер жағдайындағы оның маңызын айқындау болды.

Дөңгелек үстел барысында Наурыздың тарихи-мәдени негіздері, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөлі, сондай-ақ заманауи құндылықтар жүйесіндегі трансформациясы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар мерекенің рухани жаңғыру үдерістерімен байланысын, мәдени код ретіндегі маңызын және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы әлеуетін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, ұлттық және діни бірегейліктің өзара ықпалдасуы, Наурыздың визуалды мәдениеттегі көрінісі (кино және медиа кеңістікте), дәстүр мен қазіргі қоғам арасындағы сабақтастық мәселелері ғылыми тұрғыда сарапталды. Баяндамашылар өз зерттеулері негізінде Наурыздың әлеуметтік әділеттілік, ынтымақтастық және өзара құрмет құндылықтарын нығайтудағы рөліне тоқталды.

Іс-шара аясында мазмұнды пікір алмасу өтіп, Наурыз мейрамын ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды тетігі ретінде одан әрі зерттеу қажеттігі атап өтілді.


← Тізімге қайту