РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
23.10.2025
Көріністер: 439
2025 жылдың 23 қазанында ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығында Республика күніне арналған «Республика күні – мемлекетіміздің егемендікке жетуіне алғышарт болған тарихи құбылыс» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» тарихи маңызына тоқталды. Бұл құжат еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашқан маңызды тарихи кезең болды.
Семинарда Қазақстанның егемендікке жету жолындағы тарихи сабақтар, рухани және саяси мәні, сондай-ақ Республика күнінің ұлттық мереке ретінде қайта жаңғыруының қоғам үшін маңызы талқыланды.
Қорытындылай келе, қатысушылар Республика күнін күнтізбедегі жай ғана дата емес, ұлт бірлігінің, тарихи жады мен тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағына деген ұмтылыстың символы ретінде бағалады. Сондай-ақ ұрпақ сабақтастығы мен мемлекетіміздің тұтастығын нығайтатын рухани құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.