«Алтын Орда өркениеті:
рухани мұра және дәстүр жалғастығы» атты халықаралық
ғылыми-теориялық конференция
2024 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Жошы ұлысының 800 жылдығына және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялауына орай Ислам ғылыми-зерттеу институты мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Алтын Орда өркениеті: рухани мұра және дәстүр жалғастығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияда Алтын Орда өркениеті, Жошы ұлысының рухани мұрасы, сол дәуірдегі дін мен дәстүр сабақтастығы, бүгінгі қоғамдағы рухани құндылықтар туралы және т.б. мәселелер талқыланды.
Модератор – ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.к., доцент Төрәлі Қыдыр.
Шара Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбайқажы Тағанұлының алғы сөзімен ашылды.
Конференцияда сөз сөйлегендер қатарында, Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай; М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнеринститутының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, академик Кенжехан Матыжанов; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Берекет Кәріпбаев; «Қожа Ахмет Яссауи» атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Евразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Суат Бейлур; Ә.Науаи атындағы Өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы Нодирбек Журақузиев; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас директоры, ф.ғ.к. Анар Фазылжанова; Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Жомарт Жеңіс; ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов және т.б. ғалымдар, дінтанушылар мен Алтын Орда тарихын зерттеуші тарихшылар дереккөздер негізінде өз тұжырымдарын ортаға салды.
Ғылыми іс-шараға еліміз бен алыс-жақын шетелдерден белгілі түркітанушылар, исламтанушылар, тарихшылар мен әдебиеттанушылар, сондай-ақ, ЖОО докторанттары мен магистранттары қатысты.
ФСДИ Діңтану орталығы