Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция
17.07.2026
Көріністер: 66
2026 жылғы 17 шілдеде Философия, саясаттану және дінтану институтында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 25 жылдығына арналған «Өзгермелі әлемдік тәртіп жағдайындағы ШЫҰ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараны Философия, саясаттану және дінтану институты мен Shanghai International Studies University (SISU) жанындағы Shanghai Academy of Global Governance and Area Studies бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияның ашылуында құттықтау сөзді ФСДИ бас директоры Айгүл Садвокасова, Shanghai International Studies University Университеттік кеңесінің төрағасы, профессор Yin Dongmei, ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцю және «Бір белдеу, бір жол» сарапшылар клубы басқармасының төрағасы, профессор Болат Сұлтанов сөйледі.
Конференция модераторы ФСДИ Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әмребаев болды.
Конференция барысында қатысушылар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының дамуындағы қазіргі сын-қатерлер мен перспективаларды, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу үдерістерін және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Баяндамалармен профессор Болат Сұлтанов; Shanghai Academy of Global Governance and Area Studies атқарушы деканы, профессор Yang Cheng; Shanghai International Studies University жанындағы Ресей және Еуразия зерттеулері мектебінің Орталық Азия тілдері кафедрасының меңгерушісі Guliziyi Baishan және Институттың Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Руслан Изимов сөз сөйледі.
Пікірталас барысында қатысушылар қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы жағдайындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының рөлін, ұйымға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орнықты даму және Еуразия кеңістігіндегі өзара сенімді нығайту мәселелерін талқылады.