ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ
18.09.2026
Көріністер: 8
2026 жылғы 16–18 қыркүйек күндері Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде Түркі дүниесінің халықаралық конгресі өтті.
Халықаралық ғылыми жиынға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
ФСДИ тарапынан Дінтанулық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Еңлік Қасабекова қатысты.
Конгресс барысында түркі халықтарына ортақ тарихи-мәдени және рухани мұра, тілдік және мәдени сабақтастық, ортақ құндылықтар, сондай-ақ түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар ғылыми баяндамалар жасап, пікір алмасты және халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту бағыттарын қарастырды.
18 қыркүйекте конгресс қатысушылары Түркістан қаласына арнайы сапар жасап, Арыстан баб кесенесі мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Сапар барысында түркі халықтарының тарихи-рухани мұрасымен танысты.
Конгресс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Түркі дүниесінің халықаралық конгресі түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени және рухани мұрасын зерделеуге, ғылыми-мәдени байланыстарды нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды ғылыми алаң болды.