ФСДИ жас ғалымы - Талдау мектебінің қатысушылары қатарында
17.01.2026
Көріністер: 148
2026 жылғы 17 қаңтарда Сенат Парламентының қолдауымен Талдау мектебінің бесінші легінің дәрістері басталды.
Жобаға қатысу үшін 1000-нан астам өтінім түсіп, конкурстық іріктеу нәтижесінде 71 қатысушы таңдап алынды.
Солардың қатарында Философия, саясаттану және дінтану институтының жас ғалымы, Әлеуметтану орталығының жетекшісі Шырын Тленчиева да бар, ол іріктеуден сәтті өтіп, оқу бағдарламасына қатысуда. Жалпы алғанда, бір орынға 14 үміткер келді.
Мектептің биылғы дәрістер бағдарламасы «SMART GOVERNANCE: тиімді басқару қажетті деректер, аналитика және жасанды интеллект» тақырыбы аясында әзірленген. Соның барысында 7 негізгі бағыт бойынша баяндамалар дайындалады. Олар: «Урбанистика, болашақ қалалар және өңірлік даму», «Энергетика және орнықты инфрақұрылым» «Экология және климаттық саясат» «Агроөнеркәсіп және ауылдық жерлердің орнықты дамуы» «Инклюзивтілік және әлеуметтік саясат», «Білім және адам капиталы», «Проактивті мемлекеттік басқару». Топтар командамен жұмыс тәсілдерін дамыта отырып, аналитикалық жобалармен жұмыс істейді. Сондай-ақ аналитикалық материалдар әзірлеу және шешім қабылдау дағдыларын жетілдіреді.