Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«Реформалардың нақты нәтижесін көрсететін кезең басталды»
28.10.2026
Көріністер:  28

«Реформалардың нақты нәтижесін көрсететін кезең басталды»
«Ашық алаң» бағдарламасында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвокасова Президент Жолдауындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және реформалардың тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

Оның айтуынша, елімізде институционалдық өзгерістер жасалды. Ендігі міндет – қалыптасқан құрылымдардың нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, жауапкершілігі, сондай-ақ цифрландыру мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану маңызды.

«Біз институттарды құрдық, енді сол институттарды нәтижелі жұмыс істету керек. Президент басқару жүйесіне ғана емес, әр мемлекеттік қызметшіге де үлкен мән берді. Ол білікті, патриот болуы және тиімді жұмыс істеуі керек. Технологиялық революцияда біз тек тұтынушы емес, сол үдерістің белсенді қатысушысы болуға тиіспіз», – деді А.Садвокасова.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

← Тізімге қайту