Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Институт қызметкерлерінің ғылыми іссапары
05.12.2025
Көріністер:  458

Институт қызметкерлерінің ғылыми іссапары
2025 жылғы 1-5 желтоқсан аралығында Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері PhD Тоқтарбекова Лаура және магистр Рахметова Жазира Институт жобалары аясында Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov University) ғылыми іссапарда болды.

Іссапар барысында аталған университеттің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі м.а. Күлбаева Әсем, қауымдастырылған профессор, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты Мамбетова Алтынай, PhD, қауымдастырылған профессор Дүйсенова София, сондай-ақ кафедраның өзге де қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланып, жоба тақырыбы аясында сараптамалық-консультациялық пікір алмасу жүргізілді.

Сонымен қатар Институт қызметкерлері студенттермен кездесіп, мәдениет философиясы, діндегі толеранттылық, конфессияаралық сұхбат, сондай-ақ діндегі гендерлік теңдік мәселелері бойынша семинар өткізді.


← Тізімге қайту