Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ақтау қаласына ғылыми іссапар
12.12.2025
Көріністер:  461

Ақтау қаласына ғылыми іссапар
2025 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұркен Айтымбетов Маңғыстау облысының Ақтау қаласында іргелі ғылыми зерттеу аясында ғылыми іссапарда болды.

Іссапар барысында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ғалымдарымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу аясында докторантура бағдарламасы бойынша ғылыми кадрларды даярлау бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Кездесуге «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгеруші міндетін атқарушы Әсем Күлбаева, аға оқытушы Медһат Мусиров, сондай-ақ жас ғалым, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Айбек Түгелбай қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Институт ғалымдары дайындаған ғылыми-зерттеу жобалары аясында жарық көрген ғылыми еңбектер Университеттің кітапхана қорына табысталды.

← Тізімге қайту