Ғылыми іссапар
29.09.2025
Көріністер: 540
2025 жылғы 29 қыркүйекте ғылыми іссапар аясында Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері – бас ғылыми қызметкер Гаухар Барлыбаева, жетекші ғылыми қызметкер Гүлнар Нүсіпова, ғылыми қызметкерлер Айман Кельдинова мен Шынар Бақытжан – Лондон қаласындағы Британ кітапханасына барды. Сапар гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында өтті.
Сапар барысында Британ кітапханасының Таяу Шығыс және Орталық Азия жинақтарының жетекшісі, PhD Майкл Эрдманмен кездесу ұйымдастырылды.
Институт қызметкерлері Британ кітапханасының қорына ФСДИ әзірлеген Орталық Азияны зерттеуге арналған жеті еңбекті сыйға тартты:
• «Философская этика казахов» (монография, автор – Г. Г. Барлыбаева, 2018);
• «Абайдың философиялық іліміндегі «толық адам» тұжырымдамасы және қазіргі заман» (ұжымдық монография, 2022);
• Абай. Қара сөздер (латын графикасында, 2025);
• «Қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруындағы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни-өнегелік мұрасы» (ұжымдық монография, 2024);
• «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы» (монография, автор – А. Д. Шағырбай, 2022);
• «Гендерное равенство в казахской традиции и исламе» (ФСДИ дөңгелек үстел материалдары жинағы, 2024);
• «Дискурс толерантности в традиции и культуре ислама: исторические и современные контексты» (ФСДИ дөңгелек үстел материалдары жинағы, 2024).
Кездесу қорытындысында одан әрі ынтымақтастық орнату жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.