Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ғылыми сапар: халықаралық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық
21.11.2025
Көріністер:  651

Ғылыми сапар: халықаралық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық
2025 жылғы 20-24 қараша аралығында ФСДИ делегациясы құрамында ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Шолпан Джаманбалаева мен Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының жетекшісі Рүстем Мұстафин Қытай Халық Республикасындағы Фудань университетіне жұмыс сапары аясында барды. Сапардың басты мақсаты – қазіргі гуманитарлық ғылым мен аналитикалық дипломатияның маңызды бағыты болып саналатын халықаралық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Сапар барысында Институт өкілдері Фудань университетінің халықаралық зерттеулер факультетінің ғалымдарымен кездесті. Кездесуде салыстырмалы талдау тәсілдері, халықаралық процестерді зерттеу әдіснамасы және саяси-стратегиялық зерттеулерде цифрлық болжау модельдерін қолдану мәселелері талқыланды.

Сапардың маңызды сәттерінің бірі Фудань университетінің кітапханасына Институттың қытай тіліне аударылған жаңа кітабы - «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы: қазіргі даму стратегиясының мүмкіндіктері мен перспективаларына талдау» табыстау болды. Бұл қадам ғылыми-академиялық диалогты нығайтып, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара түсіністі тереңдетуге деген ортақ ұмтылысты айқындай түсті.

Сонымен қатар профессор Сымин Ченмен (Siming Chen) жеке кездесу өтті. Ол деректерді визуализациялау, AR/VR технологиялары және жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды интерфейстер саласының жетекші сарапшысы. Профессор Чен Fraunhofer IAIS және Бонн университетінде халықаралық тәжірибеге ие. Ол сондай-ақ Ш.Джаманбалаева жетекшілік ететін ФСДИ жасанды интеллект жөніндегі ғылыми жобасының қатысушысы. Жоба Институттың Цифрлық деректер зертханасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу барысында тараптар жобаның ағымдағы барысын талқылап, гуманитарлық деректердің ірі массивтерін талдау, зерттеу панельдерін құру және әлеуметтік-саяси мәтіндерді алгоритмдік жіктеу бағыттарындағы жұмыстарды таныстырды.

Сапар қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың жұмыс кезеңіне өтуді келісіп, пилоттық модульдерді бірлесіп әзірлеу, ғылыми жарияланымдар дайындау және ортақ зерттеу іс-шараларын жоспарлау жөнінде уағдаласты.


← Тізімге қайту