«Зерттеу жұмысында жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында ғылыми-әдістемелік талқылау өтті.
02.02.2026
Көріністер: 335
2026 жылғы 02 ақпанда ФСДИ Әлеуметтану орталығында «Зерттеу жұмысында жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында ғылыми-әдістемелік талқылау өтті.
Іс-шара барысында академиялық қызметте жасанды интеллект құралдарын қолданудың мүмкіндіктері қарастырылып, оларды тұрақты түрде орындалатын көмекші міндеттерді жеңілдету, жұмыс үдерістерін оңтайландыру, сондай-ақ ғылыми ақпаратты іздеу, талдау және жүйелеу тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану мәселелері талқыланды.
Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын зерттеу үдерісіне енгізу тәжірибелерін, оларды қолданудың ықтимал шектеулері мен тәуекелдерін саралады. Сонымен қатар, аталған технологияларды этикалық тұрғыдан қолдану, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және деректермен жұмыс істеу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.