Республика күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция
21.10.2026
Көріністер: 9
2026 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында Республика күніне орай «Егемендік – елдіктің бастауы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвокасова қатысты.
Конференцияға маңызды тарихи құжаттың қабылдану сәтіне куә болған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаттары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңызын айқындау, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін саралау және ел дамуының негізгі кезеңдеріне шолу жасау.
Қатысушылар егемендік туралы декларацияның қабылдануынан бастап, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне дейінгі тарихи үдерістерді талқылады. Сондай-ақ құжатта бекітілген мемлекеттік аумақ, азаматтық, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік, демократиялық және зайырлы даму бағдары мен мемлекеттік рәміздердің маңызына назар аударылды.