Ғылыми жиын
23.12.2025
Көріністер: 254
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған «Фарабитану» көптомдығының 20-томдығының тұсаукесер рәсімі өтті. Жиынға университет басшылығы, отандық және шетелдік философ-ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.
ФСДИ атынан ғылыми қызметкерлер Гүлнар Омарова мен Қуаныш Әлжан қатысты.
Шара философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы мен Әл-Фараби орталығының бірлесуімен ұйымдастырылды. Тұсаукесер аясында «Әл-Фараби мұрасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Жоба жетекшісі, көрнекті ғалым Жақыпбек Алтаев баяндама жасап, көптомдықты әзірлеу барысындағы ғылыми ұстанымдар, фарабитанудың қазіргі даму үрдістері және еңбектің отандық әрі халықаралық ғылыми қауымдастық үшін маңызы жөнінде баяндады.