Қазақстан халқының бақытына әсер ететін факторларды аймақтар бойынша салыстырмалы зерттеу жобасы аясында ғылыми семинар
11.11.2025
Көріністер: 473
2025 жылғы 11 қарашада «Қазақстан халқының бақытына әсер ететін факторларды аймақтар бойынша салыстырмалы талдау» атты жоба аясында ғылыми семинар ұйымдастырылып, оның барысында зерттеудің алдын ала нәтижелері мен әдіснамалық тәсілдері талқыланды.
Семинарға әлеуметтік саясат, әлеуметтану, өңірлік даму және философия салаларында білім алатын докторанттар мен магистранттар қатысты.
Семинарда талқыланған негізгі тақырыптар:
• Қазақстан өңірлері бойынша субъективті әл-ауқат деңгейінің айырмашылықтары;
• Халықтың бақыт деңгейіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық факторлар;
• Қала мен ауыл тұрғындарының өмір сапасын қабылдаудағы айырмашылықтар;
• Субъективті әл-ауқатты өлшеудің әдіснамалық мәселелері;
• Зерттеу нәтижелерін өңірлік әлеуметтік саясатта қолдану мүмкіндіктері.
*
Семинар барысында Тленчиева Шырын негізгі баяндама жасап, өңірлік айырмашылықтарды түсіндіретін қызықты интерпретациялар ұсынып, болашақ зерттеу бағыттарын белгіледі.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар эмпирикалық базаны кеңейту, сондай-ақ тұрғындардың субъективті әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Бұл ғылыми семинар зерттеушілер арасындағы пікір алмасуға, жаңа идеялардың қалыптасуына мүмкіндік беріп, аталған тақырыптың өзектілігі мен қоғам үшін маңыздылығын тағы бір дәлелі.