БОЛАШАҚ ҒЫЛЫМЫ: ФОРСАЙТ, ДЕРЕКТЕР, БАСЫМДЫҚТАР
26.02.2026
Көріністер: 209
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден - шешімдерге» атты стратегиялық сессияны өткізді. Іс-шара ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы ұлттық форсайт-зерттеулер мен предиктивті талдау жүйесін дамытуға, сондай-ақ ел және өңірлер деңгейінде бірыңғай болжау жүйесін қалыптастыруға арналды.
Iс-шара аясында ғылыми-технологиялық саясатта шешім қабылдауды қолдауға, ғылым мен технологияларды дамытудың басым бағыттарын айқындауға, сондай-ақ ұзақ мерзімді ғылыми және индустриялық стратегияларды қалыптастыруға бағытталған AI SilkNet ақпараттық-талдамалық жүйесі таныстырылды.
Шара аясындағы негізгі оқиға - AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығының ресми ашылуы болды.
Сессия жұмысына 400-ден аса жетекші шет елдік және отандық ғалымдар, салалық министрліктер, жергілікті атқарушы органдар, индустрия, бизнес өкілдері, ЖОО мен ҒЗИ басшылары, басқа да салалық қауымдастықтар мен одақтар қатысты.
ФСДИ атынан бас директордың орынбасары Ермек Тоқтаров және ғылыми қызметкер Айдана Серікбаева қатысты.