Адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттілік мәселелерін талқылау
09.12.2025
Көріністер: 413
2025 жылғы 9 желтоқсанда Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері Caspian University «Әділет» жоғары құқық мектебі ұйымдастырған «Лайықты өмір сүру құқығы: әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілері» атты XIX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Институттың бас директорының Стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Ермек Тоқтаров конференция қатысушыларын құттықтап, сөз сөйледі. Ғылыми қызметкер Айдана Серікбаева «Медиа-үдеу дәуіріндегі әлеуметтік және мәдени құқықтар: адам осалдығы және теңсіздіктің жаңа формалары» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция заң ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Ащеуловтың 100 жылдығына арналды және адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты дамудың өзекті мәселелерін талқылау үшін жетекші ғалымдар, сарапшылар мен практиктерді бір алаңға жинады.