ӘЛЕУМЕТТІК ТЕОРИЯЛАРДАН БАСҚАРЫЛАТЫН ДЕРЕКТЕРГЕ ДЕЙІН
12.06.2026
Көріністер: 30
ФСДИ I ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ
Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен өткен «Әлеуметтік теориялардан басқарылатын деректерге дейін: Social Science* Digital* Policy бағытында гибридті құзыреттерді қалыптастыру» атты I Жазғы мектептің қорытынды күні зерттеу нәтижелерін практикада қолдану және олардың әлеуметтік ықпалы мәселелеріне арналды.
«Талдаудан әлеуметтік ықпалға дейін: зерттеулерге негізделген кәсіби технологиялар» атты тақырыптық модуль аясында қатысушылар түрлі мақсатты аудиториялармен жұмыс істеуді талап ететін өзекті әлеуметтік және дүниетанымдық сын-қатерлерді, сондай-ақ ұстанымдарды, стереотиптерді, ақпараттық олқылықтар мен ықпал ету арналарының ерекшеліктерін анықтау тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар сарапшылық білімді қоғамға түсінікті тілде жеткізу және тиімді коммуникациялық стратегияларды әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қорытынды күннің спикерлері ретінде Дінтанулық зерттеулер орталығының жетекшісі Алмасбек Шағырбай мен Орталықтың ғылыми қызметкері Нұрмұхаммед Мейманхожа сөз сөйлеп, зерттеу және ағартушылық қызмет саласындағы практикалық құралдар мен тәжірибелік кейстерді ұсынды.
Бағдарламаның қорытындысында I Жазғы мектеп қатысушыларына сертификаттар, ал білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосқан спикерлерге алғыс хаттар табысталды.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 8–12 маусым аралығында Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында I Жазғы мектеп өтті. Бес күн бойы қатысушылар заманауи зерттеу әдіснамаларымен, цифрлық құралдармен, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен, зерттеу дизайны, ғылыми коммуникация және зерттеу нәтижелерін практикада қолдану мәселелерімен танысты.
• I Жазғы мектептің табысты өтуіне үлес қосқан барлық қатысушыларға, спикерлер мен сарапшыларға белсенді қатысып, кәсіби тәжірибе алмасқандары үшін алғыс білдіреміз.