Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың келешегі: Малайя университеті делегациясымен кездесу
10.09.2025
Көріністер:  1506

Ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың келешегі: Малайя университеті делегациясымен кездесу
2025 жылдың 10 қыркүйегінде ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары Малайя университеті (Малайзия) делегациясымен кездесу өткізді. Делегацияны Ислам зерттеулері академиясының деканы профессор Mohd Fauzi Hamat, сондай-ақ Құран және хадис кафедрасының профессоры Isak Suliaman бастаған, сондай-ақ басқа да университет өкілдері қатысты. Сонымен қатар кездесуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры Айгүл Садвокасова халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстарды кеңейту қазақстандық ғылымды халықаралық деңгейге шығаруға және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік беретінін айтты. Іс-шараның модераторы институттың Стратегиялық даму жөніндегі Бас директордың орынбасары Ермек Тоқтаров болды.

Кездесу барысында тараптар ғылыми және академиялық ықпалдастықтың болашағына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде: докторанттарға бірлескен ғылыми жетекшілік жасау және малайзиялық профессорларды ғылыми кеңесші ретінде тарту, ортақ ғылыми жобаларды іске асыру және жарияланымдар дайындау, ұлттық және халықаралық гранттарға бірлескен өтінімдер әзірлеу, сондай-ақ ҒЖБССҚК, Scopus және Web of Science базаларында индекстелген жетекші журналдарда мақалалар жариялау айқындалды.

Сондай-ақ ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру, ғалымдардың өзара сапарлары мен тәжірибе алмасуы, ғылыми зерттеулерді коммерцияландырудағы тәжірибелерді бөлісу, сондай-ақ Digital Humanities және Computational Social Science салаларында жаңа форматтағы жобаларды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Маңызды бағыттардың бірі ретінде бірлескен жазғы мектептер мен онлайн-семинарларды өткізу талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген келісімдер халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, академиялық мобильділікті кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға берік негіз болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар Қазақстан мен Малайзия арасындағы серіктестік ұлттық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Философия, саясаттану және дінтану институты бұл ынтымақтастықты жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау жолындағы маңызды қадам деп есептейді және өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

← Тізімге қайту