Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат депутаттары, жұртшылық және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті.
12.02.2026
Көріністер:  145

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат депутаттары, жұртшылық және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат депутаттары, жұртшылық және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен 15 наурызда өтетін республикалық референдумдағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін демократияландыруға, «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыруға және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Жаңа Ата Заң мемлекеттілікті нығайтуға, халық бірлігін бекітуге және заманауи мемлекеттік модельге өтуге негіз болмақ.

✔️Кездесуге Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвокасова қатысып, конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына, білім мен ғылым саласына, сондай-ақ адам капиталының сапасын арттыруға тигізер ықпалына тоқталды. Ол реформалардың қоғамдық келісімді нығайту мен зайырлы, құқықтық мемлекет қағидаттарын бекіту тұрғысынан маңызы зор екенін атап өтті.

← Тізімге қайту