Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ өкілі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты
17.10.2025
Көріністер:  420

ФСДИ өкілі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты
2025 жылғы 17 қазанда Философия, саясаттану және дінтану институтының Стратегиялық даму жөніндегі Бас директордың орынбасары Ермек Тоқтаров ғылым саласындағы жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Ермек Тоқтаров Қор жанындағы Ғылым кеңесінің атынан сыйлық лауреаттарына марапаттарды табыстады. Кеңес еліміздің түкпір-түкпірінен келіп түскен 44 өтінімді қарастырып, олардың ішінен 9 жеңімпазды таңдады.

Бұл сыйлық 2008 жылдан бері табысталып келеді және Қазақстанның әртүрлі бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп жүрген жас әрі үздік ғалымдарын марапаттауға бағытталған. Сыйлық ғылыми жетістіктердің жиынтығы бойынша беріледі - жоғары рейтингті басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалар, алынған патенттер, әзірленген пайдалы модельдер және зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу сияқты көрсеткіштер ескеріледі.


← Тізімге қайту