Алматы қаласында «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монографияның таныстырылымы өтті
22.08.2025
Көріністер: 273
22 тамыз күні Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының ұжымдық еңбегі – «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монографиясының таныстырылымы өтті. Іс-шараға жетекші сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ғылыми және дипломатиялық қауымдастық өкілдері қатысты.
Монографияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясатына терең әрі жан-жақты көзқарас ұсынылған. Автoрлар Мемлекет басшысының дипломатиясының негізін құрайтын үш негізгі қағидатты қарастырып, елдің сыртқы саясатының қарқынды өзгеріп жатқан әлемдік ахуалға қаншалықты икемді түрде жауап беріп отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ кітапта Ауғанстан мен Украинадағы дағдарыстардан бастап, халықаралық қатынастардың жаңа шындығын қалыптастырып отырған жаһандық климаттық сын-қатерлерге дейінгі өзекті мәселелер қамтылған.
Монографиясының таныстырылымына ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының атынан Бас директор Айгүл Садвокасова бастаған Институттың жетекші ғалымдары қатысты.