Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
14.11.2025
Көріністер:  324

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
14 қараша күні Алматы қаласындағы №187 мектептің оқушылары, ата-аналары және педагогтары үшін «Діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шара Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.

Кездесуде ФСДИ Дінтанулық зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Мейманхожа Нұрмұхаммед жастарға зайырлылық құндылықтары, интернеттегі экстремизм, деструктивті ұйымдар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Экстремистік идеялардың мемлекетке, қоғамға және жеке тұлғаға төндіретін зияндары түсіндіріліп, әлеуметтік желілердегі ақпараттық сақтандыру шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.


← Тізімге қайту