Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Конституциялық реформа аясындағы ғылым мен қоғамның рөлі
04.02.2026
Көріністер:  143

Конституциялық реформа аясындағы ғылым мен қоғамның рөлі
2026 жылғы 4 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында «Конституциялық реформа аясындағы ғылым мен қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым Академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев модераторлық етті.

Дөңгелек үстел жұмысына онлайн және офлайн форматта еліміздің жетекші академиктері, қоғам қайраткерлері мен жас ғалымдары қатысып, өзекті баяндамалар жасады. Аталған жиынға Философия, саясаттану және дінтану институты атынан жетекші ғылыми қызметкер Нүркен Айтымбетов қатысып, пікір білдірді.

Іс-шара барысында қатысушылар Конституцияның жаңа жобасына қолдау танытып, ғылыми қауымдастық атынан бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, ғылым мен білімді мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі басым бағыты ретінде айқындау қажеттігі кеңінен қолдау тапты. Сонымен қатар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесінің Конституциялық реформаның өзегіне айналуы қоғам дамуы үшін маңызды фактор ретінде оң бағаланды.


← Тізімге қайту