«Жаңа Конституция қалыптастыратын кеңістіктегі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың рөлі»
13.04.2026
Көріністер: 63
2026 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласында Ғылым күніне орай Философия, саясаттану және дінтану институты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесіп «Жаңа Конституция қалыптастыратын кеңістіктегі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың рөлі» атты кеңейтілген жиын өткізді.
Іс-шараға 90-ға жуық белгілі ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер қатысты.
Жиынның мақсаты – 2026 жылғы конституциялық реформалардың гуманитарлық зерттеулерді дамытуға, ұлттық идеологияны нығайтуға және қоғамның стратегиялық бағдарларын айқындауға ашатын жаңа мүмкіндіктерін талқылау.
Шақырылған спикер, жаңа Конституцияны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Дүйсенов конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.
Ұлттық ғылым академиясы атынан экономика ғылымдарының докторлары, академиктер О.Сәбден мен Ә.Сатыбалдин, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжан баяндама жасады.
Философия, саясаттану және дінтану институты атынан әлеуметтану ғылымдарының докторы, институттың бас директоры А. Садвокасова сөз сөйледі.
Талқылаудың негізгі бағыттары:
• ұлттық идеологияның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі;
• конституциялық өзгерістердің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарға ықпалы;
• институционалдық жаңалықтардың ғылыми қауымдастық үшін маңызы;
• жаңа Конституция аясындағы тіл және мәдениеттану ғылымдарының болашағы.
Қатысушылар гуманитарлық ғылымдардың қоғамның құндылықтық бағдарларын қалыптастыруда, азаматтық бірегейлікті дамытуда және демократиялық Институттарды нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.