Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Әлеуметтанушы Азамат Жүнісбаймен кездесу өтті
30.06.2026
Көріністер:  68

Әлеуметтанушы Азамат Жүнісбаймен кездесу өтті
30 маусым күні Философия, саясаттану және дінтану институтында әлеуметтанушы, АҚШ-тың Клермонт қаласындағы Питцер колледжінің профессоры, Қазақстан тумасы Азамат Жүнісбаймен кездесу өтті.

Кездесу барысында профессор өзінің академиялық қызметі, ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі тәжірибесі туралы әңгімеледі. Әсіресе Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің қалыптасуы, қоғамның тарихи өткенге көзқарасы, мемлекеттік тілдің рөлі, сондай-ақ қазіргі қоғамдық-саяси үдерістер мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ашық пікірталас форматында қатысушылар қоғамдық пікір, әлеуметтік өзгерістер және Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті зерттеудің өзекті мәселелері мен келешегі туралы ой алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру және кәсіби байланыстарды дамыту бағытындағы алдағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.


← Тізімге қайту