Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ қызметкерлері Қытайдағы халықаралық сарапшылық іс-шараларға қатысты
11.06.2026
Көріністер:  25

ФСДИ қызметкерлері Қытайдағы халықаралық сарапшылық іс-шараларға қатысты
2026 жылғы маусым айында Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері Қытай Халық Республикасында өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы, цифрлық экономика және жаңғыру мәселелеріне арналған бірқатар халықаралық сарапшылық іс-шараларға қатысты.

11 маусымда Ханчжоу қаласындағы Чжэцзян қаржы және экономика университетінде «Қытай–Қазақстан цифрлық және жасыл экономика саласындағы ынтымақтастығы» атты семинар өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың жетекші талдау орталықтарының, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. 

Семинар жұмысына Институт атынан Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әмребаев пен жетекші ғылыми қызметкер Руслан Изимов қатысты. Семинардың бірінші сессиясында Руслан Изимов Қазақстан мен Қытайдың цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастығының перспективалары туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ Бейжің қаласында Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты мен ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының III форумы өтті. Форум барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық байланыстар, инвестициялар, көлік-логистикалық өзара байланыс, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Форум аясында Айдар Әмребаев пен Руслан Изимов Қазақстан мен Қытайдағы жаңғыру үдерістеріне арналған баяндамалар жасады. Атап айтқанда, Руслан Изимов екі елдегі модернизациялық үдерістерге салыстырмалы талдау ұсынды.

Аталған іс-шараларға қатысу Қазақстан мен Қытай арасындағы сарапшылық диалогты дамытуға және ғылыми-талдамалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.


← Тізімге қайту