Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Институт қызметкерлері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
23.01.2026
Көріністер:  295

Институт қызметкерлері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым, саяси ғылымдарының докторы, профессор Есенжол Қаниұлы Алияровтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: Қазақстан және шетелдік тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Институт қызметкерлері қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Іс-шара барысында азаматтық қоғамның дамуы, саяси мәдениеттің трансформациясы, мемлекеттік басқару эволюциясы және заманауи саяси үдерістерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Конференция барысында мерейтой иесіне Институттың бас директоры мен ұжым атынан құттықтау адресі оқылды.

Сонымен қатар, Есенжол Қаниұлы Алияровтың өмір жолы мен ғылыми қызметіне арналған «Өмір жолы – Дорога жизни» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Басылымда ғалымның өмір жолы мен ғылыми қызметі туралы әріптестері мен шәкірттерінің естеліктері жинақталған.

Аталған жиын отандық және шетелдік ғалымдар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды ғылыми алаңға айналды.


← Тізімге қайту