Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ: ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
28.11.2025
Көріністер:  175

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ: ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
28 қарашада Алматы қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған «Жас ғылымды дамыту стратегиясы: проблемалардан шешімге дейін» атты Республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, өндірістік кәсіпорындардың және корпоративтік сектордың жас ғалымдар кеңестерінің өкілдері қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысушыларға арнаған бейнеүндеуінде:

«Жас ғалымдар – бұл тек болашақ кадрлық әлеует емес, еліміздің ғылыми жүйесін жаңғыртудың қарқыны мен сапасын айқындайтын стратегиялық ресурс. Министрлік гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тетіктерін жетілдіріп, жобаларды бағалаудың жаңа әдістемелерін енгізіп, қолданбалы ғылым мен технологияларды трансферлеуді күшейтіп келеді. Басты мақсатымыз – жас қазақстандық ғалымдардың жаһандық ғылыми кеңістікке толыққанды интеграцияланып, халықаралық жобаларға белсенді қатысуын және жаңа технологияларды әлемдік ғылыми орталықтармен тең дәрежеде жасауына жағдай туғызу», – деп атап өтті.

Шара спикерлері ретінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Әлия Сембаева, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Дидар Батрышев, Қазақстан-Британ техникалық университетінің Басқарма төрағасы Маратбек Габдуллин баяндама жасады.

Институт атынан аталған іс-шараға аға ғылыми қызметкер Айжан Молдағалиева және ғылыми қызметкер Айдана Серікбаева қатысты.


← Тізімге қайту