Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ стратегиялық сессиясы: әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулерде ЖИ-дің практикалық қолданылуы
26.11.2025
Көріністер:  574

ФСДИ стратегиялық сессиясы: әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулерде ЖИ-дің практикалық қолданылуы
26 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институтында «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда жасанды интеллектіні қолданудың этикасы, практикасы және стандарттары» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.

Сессия барысында Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының қызметкерлері ғылыми-зерттеу қызметінде жасанды интеллекттің қолдану мүмкіндіктерін практикада көрсетті. Презентациялар бірнеше цифрлық платформалар негізінде өткізіліп, әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулерде ЖИ қолданудың нақты мысалдары мен сценарийлері қаралды.

Қатысушыларға келесі практикалық құралдар ұсынылды:
 • ғылыми контентті талдау және жүйелеу;
 • үлкен мәтіндік деректермен жұмыс;
 • зерттеу деректерін құрылымдау;
 • ғылыми идеяларды жасау және нақтылау;
 • ЖИ қолдану арқылы зерттеу процестерін оңтайландыру.

Сессия барысында жасанды интеллектті қолданудағы этика және жауапкершілік мәселелеріне, академиялық адалдық қағидаларын сақтауға, сондай-ақ ғылыми тәжірибеде біртұтас стандарттарды қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Стратегиялық сессия тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және ЖИ-дің ғылыми-зерттеу тиімділігін арттырудағы нақты мүмкіндіктерін көрсету алаңы болды. Ұсынылған тәжірибелер әлеуметтік және гуманитарлық салада цифрлық шешімдерді енгізудің өзектілігін нақты көрсетеді.


← Тізімге қайту