Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ НЬЮ-ЙОРК ҚОҒАМДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ
27.10.2026
Көріністер:  12

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ НЬЮ-ЙОРК ҚОҒАМДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ
2026 жылғы 27 қазанда Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Гаухар Барлыбаева және жетекші ғылыми қызметкері Гүлнар Нүсіпова Нью-Йорк қоғамдық кітапханасының (The New York Public Library, NYPL) Таяу Шығыс және исламтану бөлімінің кураторы, PhD Хиба Абидпен (Hiba Abid) кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық ғалымдар кітапхана қорына отандық философтардың ғылыми еңбектері мен монографияларын табыстады.

1895 жылы құрылған Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы сирек кітаптар, қолжазбалар, тарихи құжаттар мен түрлі тілдердегі басылымдарды қамтитын бай қорымен танымал. Оның жинақтары тарих, философия, дінтану және әлем халықтарының мәдениетін зерттеуге арналған маңызды ғылыми дереккөз болып саналады.

Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін кітапхана қорына енгізу отандық философиялық зерттеулердің халықаралық деңгейде қолжетімділігін арттырып, шетелдік ғылыми қауымдастықтың Қазақстандағы ғылыми ізденістермен танысуына жол ашады.


← Тізімге қайту