ФСДИ ғалымдары Astana Think Tank Forum 2025 форумы жұмысына қатысуда
15.10.2025
Көріністер: 2160
2025 жылғы 15 қазанда Астанада «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру» тақырыбымен Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады.
Аталған форумға Форумға Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры Айгүл Садвокасова мен Саяси салыстырмалы зерттеулер орталығының директоры Айдар Әмребаев қатысып, халықаралық сарапшылармен бірлесіп жаһандық өзекті мәселелерді талқылауға атсалысуда.
Форум Astana International Forum (AIF) аясында өтіп, оның ұйымдастырушысы – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ). Іс-шараға әлемнің 20 елінен 40-қа жуық шетелдік сарапшы, жетекші зерттеу орталықтарының басшылары мен ғалымдары қатысуда.
Еске сала кетсек, алғашқы Astana Think Tank Forum 2024 жылы өткен болатын. Сол уақыттан бері форум халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайтын беделді сараптамалық алаң ретінде қалыптасты.