Мерейтойлық іс-шараға арналған Ғылыми кеңес
10.12.2025
Көріністер: 2060
2025 жылғы 10 желтоқсанда Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директорының орынбасары Ермек Тоқтаров Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновтың 60 жылдық мерейтойына арналған кеңейтілген салтанатты Ғылыми кеңес отырысына қатысты.
Іс-шара барысында З.Е. Қабылдиновтың жылдық есебі ұсынылып, 2025 жылғы жаңа ғылыми басылымдардың тұсаукесері өткізілді. Сонымен қатар тарихи ғылымның қазіргі дамуындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Өз сөзінде Е.Тоқтаров Институт атынан және бас директор атынан Зиябек Ермұханұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, оның отандық тарихи ғылымның дамуына қосқан айрықша үлесін атап өтті. Сондай-ақ гуманитарлық блоктағы институттар арасындағы өзара іс-қимыл мен ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.