Мемлекет басшысы бекіткен құжат мемлекеттің ішкі саясатының негізгі құндылықтары мен бағыттарын айқындап отыр. Бұл мемлекеттік саясаттың бірізділігін білдіреді. Оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар да, азаматтық қоғам да бірге атсалысуы керек.
Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвокасова осындай пікір айтты.
- Қоғам мем мемлекет арасында айқын, ашық қағидаттарды көрсетеді. Біз қайда бара жатырмыз, не істеп жатырмыз деген сұрақтарға меніңше жақсы жауап береді. Әсіресе бұл жастарға өте маңызды. Бұның ішінде біріншіден, «Адал азамат» концепциясы жатыр құндылық ретінде. Адал азамат ол бірдеңеге мәжбүрлеу емес, шектеу қою емес, ол тәрбиеден бастау.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/738739-prezident-bekitken-kuzat-iski-saasattyn-birizdiligin-bildiredi