Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Алматы қалалық сотында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
29.05.2026
Көріністер:  34

Алматы қалалық сотында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
▪️Алматы қалалық сотында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және деструктивті идеологиялардың таралуының алдын алу шараларын күшейту.

▪️Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі Департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А. Жарылқасын, сондай-ақ Алматы қаласы аудандық соттары Әкімшісінің басшылары қатысты.

▪️ А. Жарылқасын спикер ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану орталығының ғылыми қызметкері, дінтану магистрі Н. Мейманхожаны таныстырып, талқыланған тақырыптың өзектілігін атап өтті.

▪️«Әрқайсымыз заңнама талаптарын қатаң сақтап, заңдылық, объективтілік және қызметтік әдеп қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ радикалды идеялардың таралуына жол бермеуге, деструктивті ықпал белгілерін анықтауда сақтық танытуға міндеттіміз», – деді А. Жарылқасын.

▪️Дінтану магистрі Н. Мейманхожа зайырлы мемлекеттің құқықтар мен бостандықтар қағидаттарына негізделген басқару моделінің артықшылықтарын жан-жақты түсіндірді.

▪️Сарапшы сондай-ақ қоғамда қалыптасқан нормаларды түбегейлі жоққа шығаратын, шектен шыққан көзқарастарды ұстанумен сипатталатын діни-экстремистік ағымдардың негізгі белгілеріне ерекше тоқталды.

▪️Кездесу қорытындысында А. Жарылқасын семинар әрбір мемлекеттік қызметші үшін пайдалы практикалық бағдар болады деген сенім білдірді.


← Тізімге қайту