АСТАНАДА ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ
16.01.2026
Көріністер: 299
15-16 қаңтарда Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Nazarbayev University ұйымдастыруымен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» атты форум өтті.
Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Ауқымды іс-шара жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын, халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ білім беру сапасын аккредиттеу және бағалау саласындағы мамандарды біріктірді.
Форумға Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвокасова қатысты.
Іс-шара аясында университеттерді халықаралық аккредиттеуге даярлау, сапа мәдениетін дамыту, PhD докторанттарының ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерін бағалау және жоғары әрі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіруге арналған халықаралық воркшоптар мен тақырыптық сессиялар өтті. Форумның басты оқиғасы жоғары білім мен ғылым сапасын қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына арналған пленарлық отырыс болды.