Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Эксперименттік экономика әдістері бойынша V Халықаралық Тынық мұхит мектеп-конференциясы (Қиыр Шығыс федералды университеті)
29.09.2025
Көріністер:  541

Эксперименттік экономика әдістері бойынша V Халықаралық Тынық мұхит мектеп-конференциясы (Қиыр Шығыс федералды университеті)
2025 жылғы 21-29 қыркүйек аралығында Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері - Қуаныш Сайлау мен Айдана Серікбаева ғылыми іссапар аясында Қиыр Шығыс федералды университеті базасында өткен эксперименттік экономика әдістері бойынша V Халықаралық Тынық мұхит мектеп-конференциясына қатысты.

Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттері және профессор Алексей Белянинмен бірлесе отырып, қатысушылар «Бастапқы іріктеу түрі (HR vs AI) әділдік қабылдауы мен мотивациялық хаттардың мазмұнын өзгерту факторы ретінде» атты зерттеу дизайнын әзірледі.

Жоба «ЖИ және этикалық нормалар» бағыты аясында ФСДИ директорының орынбасары Шолпан Жаманбалаеваның ғылыми жетекшілігімен және институттың Бас директоры Айгүл Садвокасованың қолдауымен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта институт зерттеулеріне эксперименттік әдістерді енгізу жоспарлануда.

Мектептің спикерлері қатарында жетекші экономистер мен зерттеушілер болды. Басты спикер ретінде профессор Алексей Белянин заманауи эксперименттік экономика әдістері, этика мәселелері мен мінез-құлық модельдері тақырыптарында дәрістер мен семинарлар өткізді.

Мектепке қатысу Институт қызметкерлеріне әдіснамалық құзыреттерді нығайтып, зерттеу бағытын кеңейтуге мүмкіндік берген маңызды пәнаралық тәжірибе болды.


← Тізімге қайту