Шанхайда ФСДИ ғалымдарының қатысуымен «Орталық Азия және ШЫҰ» халықаралық конференциясы өтті
13.09.2025
Көріністер: 1055
2025 жылдың 13 қыркүйегінде Шанхай саясат және құқық университетінің ұйымдастыруымен «Орталық Азия және ШЫҰ» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Үндістанды қоса алғанда, ШЫҰ-ға мүше елдердің жетекші мамандары қатысты.
Қазақстан атынан делегация қатысып, оның құрамында ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ Салыстырмалы саяси орталығының жетекші сарапшылары Айдар Әмребаев, Юрий Булуктаев және Руслан Изимов болды. Конференция барысында Тяньцзинде өткен ШЫҰ саммитінің қорытындылары мен көпжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Бірінші сессияда сөз сөйлеген А.Әмребаев Қытайдың жаһандық бастамалары мен ШЫҰ-ның рөліне айрықша назар аударды. Өз кезегінде қытайлық сарапшылар Тяньцзинде өткен саммитте Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев ұсынған бастамаларды жоғары бағалады. Сондай-ақ бірқатар мамандар нақты ғылыми-зерттеу жобалары аясында ынтымақтастықты тереңдету жөнінде ұсыныстар білдірді.
Конференция қорытындысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастық пен өзара әріптестікті нығайтудың маңызы атап өтілді.