Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
15.10.2025
Көріністер: 403
Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығының директоры, РАТТ мүшесі Алмасбек Шағырбайдың қатысуымен Панфилов ауданында бірқатар кездесулер өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесулер барысында дінтанулық сауаттылықтың маңызы, лудомания мәселесі, діни әдебиеттерді сараптама қорытындысы арқылы ажырату тәсілдері, діни ақпараттарды тек ресми дереккөздерден алу қажеттілігі, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың белгілері жөнінде жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар іс-шара барысында Қазақстандағы дәстүрлі сопылық ілімнің діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасы мен ұлттық құндылықтардың мәні туралы айтылды.
Ұйымдастырылған кездесулерге әскери қызметкерлер, жастар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қамтылды.