«ӨЗ ЖЕРІНІҢ ЕЛШІСІ» VII Халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы
26.05.2026
Көріністер: 88
2026 жылғы 26 мамырда Алматы қаласында UNESCO қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Болат Өтемұратов Қорының ұйымдастыруымен «Өз жерінің елшісі» тақырыбындағы VII Халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы өтті.
Көрнекті ойшыл, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған бұл іс-шара гуманитарлық және ғылыми диалогты кеңейтудің маңызды алаңына айналды.
Форумның ашылу салтанатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, UNESCO-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің директоры әрі UNESCO-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы өкілі Амир Пирич, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев және Болат Өтемұратов Қорының бас директоры Айнұр Қарбозова сөз сөйледі. Өз баяндамаларында олар Олжас Сүлейменовтің мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Форум жұмысына офлайн және онлайн форматта әлемнің әртүрлі елдерінен келген құрметті қонақтар қатысты.
Философия, саясаттану және дінтану институты атынан форумға Бас директордың орынбасары Шолпан Джаманбалаева бастаған Әлемдік және қазақ философиясы орталығының ғылыми қызметкерлері қатысты.