АҚШ сарапшысымен кездесу
18.11.2025
Көріністер: 329
18 қараша күні Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтанулық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен АҚШ-тың Канзас университетінің профессоры Джонатан Макхонимен кездесу өтті.
Кездесу барысында Дінтанулық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкерлері шетелдік профессорға Институттың құрылымы мен негізгі зерттеу бағыттары туралы ақпарат берді.
Профессор Джонатан Макхони Орталық Азияға қатысты ғылыми ізденістері аясында дін мен саясаттың өзара байланысы, сондай-ақ философиялық зерттеулер бағыттарында пікір алмасты. Қазіргі гуманитарлық ғылымдағы дін мен қоғам қатынастары, бірегейлік мәселелері және мәдени бастамалар төңірегінде кездесуге қатысушылармен сұхбат жүргізді.