Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Қазақ диаспорасының көрнекті өкілі Кайуум Кесішімен кездесу
23.09.2025
Көріністер:  239

Қазақ диаспорасының көрнекті өкілі Кайуум Кесішімен кездесу
Бүгін, 23 қыркүйекте Философия, саясаттану және дінтану институтында шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, ғалым Абдул Кайуум Кесішімен шабыттандыратын кездесу өтті.

Кайуум Кесіші 1979 жылы Ыстамбұл Экономикалық және коммерциялық ғылымдар академиясының журналистика факультетін (қазіргі Мармара университеті) тәмамдап, 1999 жылы Ыстамбұл университетінде саясаттану мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғады. 1980–1995 жылдары Мюнхендегі «Азаттық» радиосының қазақ редакциясында еңбек етті. 2001 жылдан бастап Түркияның бірқатар университеттерінде дәріс оқыды, ал 2008–2017 жылдары Еуропа қазақ қоғамдары федерациясын (FEKA) басқарды. Ол – «Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағы» атты кітаптың және қазақ, түрік, ағылшын, неміс тілдерінде жарық көрген көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы. Қазіргі кезде Кайуум Кесіші зерттеу жұмысын жалғастыруда.

Кездесу барысында шетелдегі қазақтардың тәжірибесі, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы медиа мен академиялық қауымдастықтардың рөлі талқыланды. Қазақ диаспорасының тарихы тек өткенге қатысты емес, сонымен қатар мәдени дипломатияның өзекті стратегияларын, ғылыми алмасулар мен сарапшылар қауымдастығын дамыту мәселелерін де қамтитыны атап өтілді.

← Тізімге қайту